Әлия Ахметова
Айналысатын саласы:
Неизвестно
Туыстық байланысы:
2023 жылдың маусым айына дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған Нығметжан Мақажановтың зайыбы
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі:
Бағасы 700 мың $ асатын екі бөлмелі пәтер
Дубайда орналасқан ауданы:
Palm Jumeirah – элитаға арналған виллалары, салтанатты отельдері бар жасанды арал
Әлия Ахметова – ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетін басқарған Нығметжан Мақажановтың зайыбы. Ашық дерек көздерінде оның атына тіркелген қандай да бір бизнес туралы мәлімет жоқ.

Мақажанов мемлекеттікк қызметке 2000 жылдардың басында келген, содан бері мемлекеттік кіріс және қаржы министрліктерінде істеген, Жер ресурстарын басқару, энергетикалық қадағалау мен бақылау және көлік агенттігі төрағасының орынбасары болған.

2020 жылдан бастап ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Ахметова мен Мақажановтың екі ұлының да мансап жолы мемлекеттік қызметте. Бақытжан Мақажанов DAMU кәсіпкерлікті қолдау қоры басқарма төрағасының орынбасары және басқа ешқандай қызметі жоқ. Нұрлан Мақажанов – Kazakh Invest ұлттық компаниясы директорының орынбасары.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған