Әлия Мәулешева
Айналысатын саласы
Кәсіпкер
Туыстық байланысы
Қаржы министрінің бұрынғы орынбасары және дипломат Андар Шоқпытовтың қызы
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Жалпы сомасы 2,5 млн $ асатын бір пәтер мен вилла
Дубайда орналасқан ауданы
Palm Jumeirah – элитаға арналған жылжымайтын мүлкі, салтанатты отельдері бар жасанды арал


Мәулешева көпшілікке балаларға білім беруді дамытумен байланысты бірнеше жобаның негізін салушы әрі жетекшісі ретінде таныс. Атап айтқанда, Business kids, «Евразийское детское сообщество» мектептері мен Ресейдегі UCMAS менталды арифметика академиясы.

The Panama Papers, яғни офшордағы құпия компаниялардың көмегімен қаржылық қылмыстарды, жемқорлық пен құқық бұзушылықты бүркемелеуге мүмкіндік беретін деректердің – 11,5 млн қаржы және заң құжаттарының жария болуына қатысты ірі істе Мәулешеваның аты-жөні аталады.

Зерттеуші-журналистердің халықаралық консорциумы Мәулешеваның Baiterek Development басқарма төрағасының орынбасары және бұрынғы мәжіліс спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы, 2016 жылы 28 млн теңге пара алғаны үшін қамауға алынған Аслан Жақыповпен бірге Люксембургте тіркелген Zoldane S.A. компаниясының акцияларына иелік еткенін анықтады.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған