«Астана Балет» театрының арт-менеджері
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі
Шамамен $1 млн тұратын пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Palm Jumeirah – элитаға арналған жылжымайтын мүлкі, салтанатты отельдері бар жасанды арал
2023 жылдың соңында шыққан кезекті өмірбаянында Нұрсұлтан Назарбаев Әсел Құрманбаевамен (Исабаева) 20 жылдан астам уақыт бұрын некелескенін және ортада екі бала бар екенін мойындады. Бұл туралы әлдеқашан белгілі болған еді, соның ішінде Құрманбаеваның активтеріне қатысты бірнеше зерттеу мұны айқын көрсеткен: мысалы, 2000 жылдары ол Назарбаевқа жақын адамдардың оффшорлары арқылы 30 миллион доллар алған.
Назарбаевтың қорлары кейінірек Құрманбаеваға тиесілі болып шыққан компаниялардың алғашқы құрылтайшысы болды. Ал оның «Астана Балет» театрына қатысты жағдай керісінше: алдымен театрға Құрманбаева иелік етсе, одан кейін өнер ордасы Назарбаев қорына, содан соң мемлекет иелігіне өтті. Алматыда бұрынғы президентке тиесілі қорлардың бірінің ақшасына Almaty Theatre салынды.
Қанды Қаңтардан кейін Құрманбаева бұрынғы президенттің басқа туыстары сияқты мемлекеттік қызметтен кеткен жоқ, ол әлі де мемлекеттік «Астана Балет» театрының арт-менеджері. Ерлі-зайыптылардың жаңадан түскен фотосуреті әзірге жарияланған жоқ, бірақ жақында бұрынғы президент үлкен ұлымен бірге БАЭ-де, тек Дубайда емес, Әбу-Дабиде бірге суретке түсті.