Бағдат Майкеев
Айналысатын саласы
Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, жемқорлық үшін сотталған

Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Шамамен 500 мың $ тұратын пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Palm Jumeirah – элитаға арналған виллалары, салтанатты отельдері бар жасанды арал
1980 жылдардан бастап Бағдат Майкеев ішкі істер органдарында жұмыс істеген, ал 2000 жылдары Қорғаныс министрлігіне ауысқан. 2014 жылы ақпан айында Қорғаныс министрінің сол кездегі орынбасары Майкеевті ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұстады, ақша бизнесмендерге тиімді келісімшарт жасау мақсатында берілгені айтылды.

Сол жылы Майкеев алты жылға бас бостандығынан айырылды, сот оның дүние-мүлкін тәркілеу туралы қаулы шығарды. 2015 жылы Майкеев босап шықты: сот оны денсаулық жағдайына байланысты босатты.

Дубайдың қымбат ауданынан пәтер алуға ақшаны қайдан алғаны туралы Власть редакциясының сұрағына Майкеев жауап бермеді.

2022 жылдан кейін Майкеев өз пәтерін сатты немесе басқа адамдардың меншігіне берді.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған