2013 жылдан бастап Дагир Миразов – Алматы облысында орналасқан қиыршық тас өндіретін компания иесінің бірі.
Оның әкесі Ғабит Миразов Алматы прокуратурасына жұмысқа 90-жылдардың басында келген, екі мыңыншы жылдардың басында Қапшағай қаласының прокуроры, кейін Алматы облысы мен қаласының прокуроры болған.
БАҚ 2018 жылдың маусым айында «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы, сотталушы Талғат Ермегияевпен заңсыз байланыс орнатып, мемлекеттік билік пен прокуратура органының беделіне нұқсан келтірген үшін» Миразовтың Алматы прокуратурасынан қызметтен босатылғанын
жариялаған. Кейіннен сол жылдың мамыр айында оның Bank RBK басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалғаны
белгілі болды.
2019 жылы Ғабит Миразов мемлекеттік қызметке қайта оралды: Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті әскери департаментінің бастығы болып тағайындалып, оны 2020 жылдың тамыз айына дейін басқарды.