Ғалымжан Құспанов
Айналысатын саласы
Кәсіпкер
Туыстық байланысы
Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспанның бауыры
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Бағасы 500 мың $ асатын пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Palm Jumeirah – элитаға арналған жылжымайтын мүлкі, салтанатты отельдері бар жасанды арал
Ғалымжан Құспанов – 30 жылға жуық медицина және фармацевтика өнімдерінің бөлшек саудасымен айналысып келе жатқан көпке танымал емес кәсіпкер.

Оның әпкесі Айгүл Құспан ұзақ жыл бойы Қазақстан СІМ құрылымында қызмет етті, атап айтқанда, Сыртқы істер министрлігінің Еуропадағы департаментінің директоры, Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі елшісі қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, Қазақстанның Еуропалық Одақ пен НАТО жанындағы өкілдігінің басшысы да болды.

2021 жылдың басынан бері билеуші партиядан мәжілістің депутаты болып екі рет сайланды. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті палатасын басқарады.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған