Ілияс Орысбаев
Айналысатын саласы
Кәсіпкер
Туыстық байланысы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мемлекеттік қорғаныс тапсырысы комитетінің бұрынғы төрағасы Мақсат Орысбаевтың ұлы


Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Жалпы сомасы 7 млн $ болатын 5 екі бөлмелі пәтер және бір вилла
Дубайда орналасқан ауданы
Palm Jumeirah – элитаға арналған виллаларымен, салтанатты отельдерімен танымал, жасанды аралдардан тұратын архипелаг, сонымен бірге Jumeirah Beach Residence – орталықтағы аудан, жағажайға және кемежайға кіру мүмкіндігі бар


Ілияс Орысбаев – мейрамхана бизнесі саласындағы екі қазақстандық компанияның қосалқы иесі, Coffee boom кофехана желісімен айналысады. Өткен жылдың ақпан айына дейін Ақмола облысынның Зеренді ауданында алтын алуды жоспарлаған өндіруші компанияның қосалқы иесі болған.

Орысбаев қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдердің біріне кітап жеткізумен айналысатын сауда компаниясының да қосалқы иесі.

Әкесі Мақсат Орысбаев 2023 жылдың тамыз айына дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мемлекеттік қорғаныс тапсырысы комитетін басқарған. Оған дейін Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қорғаныс тапсырысы комитетін басқарған.

Мақсат Орысбаевтың аты-жөні 2023 жылы Қорғаныс министрлігінің мекемелеріне мемлекеттік сатып алу кезінде алаяқтыққа жол беру жөніндегі қылмыстық істе аталды, әңгіме 700 млн теңгеден астам сома төңірегінде болғанымен, оған жемқорлық бойынша ешқандай айып тағылған жоқ.

Ілияс Орысбаев 2022 жылы Дубайдың ең қымбат аудандарында орналасқан жылжымайтын мүлікке иелік еткен, арасында отельдер мен әйгілі Palm Jumeirah ауданындағы вилла бар.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған