Қайрат Сатыбалды мен оның отбасы мүшелері
Кәсіпкер және мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталған бұрынғы мемлекеттік қызметкер
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Шамамен 2,2 млн $ тұратын бес пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Marsa Dubai – жайлы тұрғын ауданы
2022 жылы Дубайда жылжымайтын мүлікке ие болған Қайрат Сатыбалды ғана емес, анасы Светлана Назарбаевада, екі әйелі Әсел Бақтиярқызы мен Саида Қанатбекқызында, сондай-ақ балаларында да үй болды. Бұл әулеттің барлық пәтері бір үйде орналасқан.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына дейін Қазақстандағы ықпалды адамдардың бірі болды. Қаңтар оқиғасынан екі айдан кейін ол қамауға алынды және кейінірек мемлекеттік компаниялардан ақша жымқырды деген айыппен алты жылға бас бостандығынан айырылды. Қазір сот тағы бір қылмыстық іс бойынша үкім шығаруға дайындалып жатыр.
Сатыбалды өзіне тағылған барлық айыпты мойындап, мемлекетке құны миллиард долларға жақынактивін қайтарды. Активтің бір бөлігін оның туыстары, соның ішінде бір әйелі Әсел Бақтиярқызы мен үлкен ұлы аударған.
Сатыбалды мен Бақтиярқызы иелік еткен Дубайдағы пәтерлер қазір басқа адамдарға тиесілі. Әйтсе де, Бақтиярқызына тиесілі жылжымайтын мүліктің бір бөлігінің ресми иесі Қазақстанда іздеуде жүрген оның әпке-жездесі болды. Назарбаева мен Қанатбекқызы бүгінгі күнге дейін кейбір мүлікке иелік етеді.