Қаламқас Тұрман
Айналысатын саласы
Кәсіпкер
Туыстық байланысы
QazaqGaz ұлттық компаниясы төрағасының бұрынғы міндетін атқарушы Ибулла Сердінің әйелі
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Бағасы 1,16 млн $ тұратын пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Palm Jumeirah – элитаға арналған жылжымайтын мүлкі, салтанатты отельдері бар жасанды арал
Қаламқас Турман – мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің әйелі Венера Баймұрзаевамен бірге Invest Bolashak атты инвестициялық компанияны құрған көпшілікке танымал кәсіпкер.

Бұл компания Тұрманның күйеуі Ибулла Серді 2014 жылы ашқан «Bolashak Property» меншігіне иелік етеді. 2015 жылы «Bolashak Property» компаниясының таза табысы шамамен 7,6 млрд теңге болған.

2014 жылдан бері Ибулла Серді Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ұлттық компанияларда істеді, атап айтқанда, «Интергаз Орталық Азия» директорлар кеңесінің төрағасы, «ҚазТрансГаз» басқарма төрағасының бірінші орынбасары және «ҚазМұнайГаз» басқарушы директоры қызметтерін атқарды.

2022 жылдың маусым айында Ибулла Серді «QazaqGaz» басшысы міндетін атқарушы болып тағайындалғанына 5 ай толар-толмастан қаржы мониторингі агенттігі оған іздеу жариялады. Ол аса ірі мөлшерде басқаның сеніп тапсырған мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді.

2023 жылдың басында бизнесмен Қайрат Боранбаевтың QazaqGaz ұлттық компаниясының газын қайта сату кезінде ақша жымқыруға қатысты ісін қараған сот Серді ісін бөлек өндірісте қарастыруға бөлді. Тергеу нұсқасы бойынша, ол жымқыру схемасын ұйымдастырушы болған. Қазақстандық БАҚ-тың хабарлауынша, Серді қазір БАӘ-де жүр.

2022 жылдан кейін Қаламқас Тұрман жылжымайтын мүлікті сатты немесе басқа адамдардың меншігіне берді.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған