Дәурен мен Диас Камалиевтер
Бұрынғы Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиевтің ұлдары
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Шамамен 1 млн $ тұратын екі пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Marsa Dubai – жайлы тұрғын ауданы
Ағайынды Камалиевтердің бизнесі әр салада, үлкені Дәурен Камалиев құрылыс-жол техникасы мен жабдықтарын өндірушілер ассоциациясын да басқарады. Бұл саланың отбасына жақын болатын себебі, әкелері Берік Камалиев әр жылдары Көлік және коммуникация министрі қызметін атқарып, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясын басқарған.
Мемлекеттік қызмет саласындағы соңғы жұмысы – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары. Камалиев бұл қызметтен 2022 жылдың сәуір айында президент Батыс Қазақстан облысында жол жөндеу жұмысы уақытында жүрмей жатқанын сынағаннан кейін кетті.
2022 жылдан кейін Камалиевтер пәтерінің бірін сатты немесе басқа адамдардың меншігіне берді, екіншісіне әлі күнге дейін иелік етеді.