Қорлан Шәріпбаева
Айналысатын саласы
Кәсіпкер
Туыстық байланысы
QazaqGas ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаевтың қызы
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
900 мың $ астам тұратын пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Palm Jumeirah – элитаға арналған виллалары, салтанатты отельдері бар жасанды арал

Қорлан Шәріпбаеваның әкесі Қайрат Шәріпбаев 1990 жылдардың басында бизнесмен болған, кейін мемлекеттік қызметке, одан кейін ұлттық компанияларға ауысқан. Оның мұнай-газ секторындағы қарқынды өсуі 2010 жылдарға тұспа-тұс келді, дәл осы кезде Шәріпбаевтың жеке өмірінде де өзгеріс болып, ол Қазақстанның бұрынғы президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаевамен бас қосты.

Шәріпбаев ұлттық компанияларда қызметте болған уақытта оның жақын-жуығы белсенді түрде бизнеспен айналысқан, ұлы мен қызының атына логистика саласындағы компаниялар рәсімделсе, бұрынғы әйелінің банкте үлесі болған.

Қорлан Шәріпбаева Алматының таулы ауданындағы Нұрсұлтан Назарбаев, оның үш қызы және немере бауыры Қайрат Сатыбалдымен көршілес жер учаскесіне иелік еткен.

2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Қайрат Шәріпбаев ұлттық компания басшылығынан кеткенімен, отбасылық бизнес тоқтаған жоқ.

2022 жылдан кейін Шәріпбаева Дубайдағы жылжымайтын мүлкін сатты немесе басқа адамдардың меншігіне берді.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған