Марлен Тұрғымбаев
Айналысатын саласы
Кәсіпкер
Туыстық байланысы
ІІМ бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың ұлы
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Шамамен 350 мың $ тұратын пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Marsa Dubai – жайлы тұрғын ауданы
Марлен Тұрғымбаев 27 жасында заң ғылымдарының докторы атанды. Осыдан кейін ата-анасының жолын жалғауына болар еді. Әкесі Ерлан Тұрғымбаев 2022 жылға дейін Ішкі істер министрі болса, анасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарған.

Тұрғымбаевтың ұлы жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін 2023 жылы ғана ресми түрде бизнеспен айналыса бастады. Ал биыл IT саласындағы компанияның құрылтайшысы болды.

2024 жыл Тұрғымбаевтың әкесі үшін қиындықпен басталды – Қаңтар оқиғасы кезінде билігін асыра пайдаланды деген күдікпен алдымен қорғау құқығы бар куәгер болды, кейін күдікті атанды. Ол – Қаңтар кезінде билікте болып, кейін қамауға алынып, қазір түрмеде отырған қауіпсіздік күштері саласындағы шенеуніктер арасында ұсталғандардың соңғы.

2022 жылдан кейін Тұрғымбаев Дубайдағы жылжымайтын мүлікті сатты немесе басқа адамдардың меншігіне берді.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған