Бұрынғы мемлекеттік қызметкер
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Жалпы құны 1,5 млн $ асатын элиталық тұрғын үй кешеніндегі екі бөлмелі пәтер және аралдағы резиденцияда орналасқан үш бөлмелі пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Теңіз жағасындағы Jumeirah Beach Residence және Palm Jumeirah архипелагы
2012–2014 жылдары Мұхит Саймасаев Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2019 жылы да мемлекеттік қызметте болды, Проблемалық несие қорының инвестициялық жобалар және активтерді жүзеге асыру бөлімін басқарды.
Ашық ақпарат көздерінде оның қандай да бір бизнеспен айналысатыны туралы ақпарат жоқ. Әлеуметтік желілерге қарағанда, бұрынғы мемлекеттік қызметкер бірнеше жылдан бері Дубайда тұрады немесе Дубайға тұрақты түрде барып тұрады.
2022 жылдан кейін Саймасаев пәтерлерінің бірін сатты немесе басқа адамдардың меншігіне берді, ал екіншісіне әлі күнге дейін иелік етеді.