Қанымкүл Сейсекенова мен Әсел Ұзықанова
Айналысатын саласы
Кәсіпкерлер
Туыстық байланысы
«ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма мүшесі Шыңғыс Сейсекеновтің анасы мен қарындасы
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Шамамен 1,6 млн $ тұратын екі пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Palm Jumeirah – элитаға арналған жылжымайтын мүлкі, салтанатты отельдері бар жасанды арал
Шыңғыс Сейсекенов мұнай-газ саласындағы ұлттық компанияларда 15 жылдан астам жұмыс істеген. «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының басқарма мүшесі қызметінен 2022 жылдың қаңтар айында кетті. Дубайдағы екі пәтер дәл осы кезде оның анасы мен қарындасының иелігінде болған. Олардың екеуі де ресми құжат бойынша бизнеспен айналысады, бірақ салық түсімдеріне қарағанда, компаниялары үлкен табысқа жетпеген.


2022 жылдан кейін отбасы пәтерлерінің бірін сатты немесе басқа адамдардың меншігіне берді, ал екіншісі әлі күнге дейін олардың иеліктерінде.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған