Сергей Кузьменко
Айналысқан саласы:
Рахат Әлиев ісіне қатысы бар бұрынғы жоғары лауазымды құқық қорғау қызметкері
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Құны 300 мың $ асатын екі бөлмелі пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Dubai Marina – кемелерге арналған тұрағы, жағажайы және ойын-сауық кешені бар қаладағы қымбат аудандардың бірі.
Кузьменко құқық қорғау органдарында түрлі басшылық қызмет атқарды, соның ішінде салық полициясы мен кеден комитеті де бар. Қызметте болған жылдары Дариға Назарбаеваның бірінші күйеуі Рахат Әлиевпен тығыз байланыста болды.

2007 жылы мемлекеттік құрылымнан кеткеннен кейін Кузьменко акциясының басым бөлігі Қазақстан президентінің күйеубаласына тиесілі «Нұрбанкте» қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары болып жұмыс істей бастады.

Сол уақытта ол басқа қауіпсіздік қызметкерлерімен бірге банктің топ-менеджерлері – басқарма төрағасы Әбілмәжін Ғылымовты, төрағаның бірінші орынбасары Жолдас Темірәлиевті және шаруашылық басқарушысы Айбар Хасеновты бопсалау мақсатында ұрлады деп айыпталған Әлиевтің атышулы ісінде айыпталғандардың бірі болды. Кейін Темірәлиев пен Хасеновтің мәйіті табылды, олардың денесі темір бөшкеге салынып, беті әкпен жабылған екен.

Кузьменко тұтқындалып, 2008 жылғы 25 наурызда 9,5 жылға түрмеге қамалып, генерал-майор шенінен айырылды.

2022 жылдан кейін Кузьменко Дубайдағы жылжымайтын мүлкін сатты немесе басқа адамдардың меншігіне берді.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған