Серік Естай мен Айжан Асанова
Айналысатын саласы
Кәсіпкерлер
Туыстық байланысы
Жалпы құны 6 млн $ асатын сегіз пәтер
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Дубайда орналасқан ауданы
Downtown Dubai және Palm Jumeirah
Әр жылдары жоғары лауазымды қызмет атқарған Өмірзақ Шөкеевтің туған бауыры Серік Естай әйелі Айжан Асановамен бірге Дубайдың орталығындағы және үш жасанды аралдың бірінде орналасқан қымбат аудандағы сегіз пәтердің иесі.

Асанова – кең көлемді дүкендер желісі бар «Алатау-құс» ірі құс фабрикасының жалғыз акционері. Оның жұбайы аз уақыт кеден органында жұмыс істеген, одан кейін көп жыл газ саласындағы мемлекеттік компанияларда қызмет еткен. Нақтырақ айтқанда, жеті жыл «Интергаз Орталық Азия» компаниясын басқарған, «ҚазТрансГаз» компаниясында директордың орынбасары болған, ал 2016–2019 жылдары «Бейнеу–Шымкент газ құбыры» компаниясын басқарған.

Естайдың ағасы Өмірзақ Шөкеевтің саяси мансабы мейлінше жарқын. Алғаш рет 31 жасында министр болып, мемлекеттік қызметте жалпы алғанда 30 жылдай қызмет етті. Арасындағы аз ғана үзілісті айтпағанда, ол вице-премьер, Экономика министрі, Ауыл шаруашылығы министрі болып, Қазақстанның төрт өңірінде облыс әкімі болды. Мемлекеттік қызмет саласындағы соңғы қызметі – Түркістан облысының әкімдігі, бұл қызметтен 2022 жылдың жазында кетті.
Бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік Өмірзақ Шөкеевтің бауыры
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған