Талғат Құлыбаев пен оның отбасы мүшелері
Құқық қорғау органының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Шамамен 3,5 млн $ тұратын үш пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Palm Jumeirah – элитаға арналған виллалары, салтанатты отельдері бар жасанды арал
Талғат Құлыбаев ешқашан әкесі мен інісі сияқты бизнеспен айналыспаған, өмір бойы құқық қорғау органдарында жұмыс істеп, Алматыдағы ІІМ академиясының басшысы болып жүріп зейнет демалысына шыққан. Ықпалды отбасының мүшелері, соның ішінде Талғат Құлыбаевтың екі ұлы да белсенді бизнеспен айналысады және баяғыша мұнай-газ секторынан бастап, азық-түлік нарығына дейінгі сан салада активтері бар.
Дубайда бұл отбасы мүшелерінің көбінің үйі болған, атап айтсақ, Талғат Құлыбаевтың, оның ұлы мен келінінің, немере бауырының және бүгінде қайтыс болған ағасы мен анасының пәтері болған.