Ержан Айдарбаев
Айналысатын саласы
Белгісіз
Мемлекеттік қызметтегі туысы
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Алик Айдарбаевтың бауыры
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Жалпы құны 500 мын $ асатын екі бөлмелі үш пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Jumeirah Beach Residence – жағажайға және кемежайға кіру мүмкіндігі бар орталықтағы аудан
Ашық дереккөздерде Ержан Айдарбаев иелік ететін қандай да бір бизнес туралы ақпарат жоқ.

Ағасы Алик Айдарбаев «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры болды, содан кейін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына жұмысқа ауысты. Жаңаөзен оқиғасынан кейін екі жыл өткенде Маңғыстау облысын басқарды. Бұдан кейін мансабы жоғарылай берді: Инвестиция және даму министрінің бірінші орынбасары, «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасының орынбасары, «Самұрық Энерго» директорлар кеңесінің төрағасы және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2022 жылдың сәуір айында денсаулық жағдайына байланысты қызметтен кетті.

Айдарбаев одан екі жыл бұрын Қазақстанның ММА біріккен федерациясының президенті болып сайланған. Былтыр қыркүйекте БАҚ федерация оған іздеу жариялағаны туралы хабарлады, өйткені ол ұзақ уақыт байланысқа шықпаған және Айдарбаев басқарып тұрғанда федерация салыққа 100 миллион теңгеден астам қарыз болып қалған.

Айдарбаев федерацияның мәлімдемесі туралы ашық түсініктеме берген жоқ.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған