Ұлттық компанияның бұрынғы топ-менеджері
Бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік Берік Имашевтің ұлы
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
$1 млн астам тұратын пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Palm Jumeirah – элитаға арналған виллалары, салтанатты отельдері бар жасанды арал
Әлжан Имашев 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін Нұрсұлтан Назарбаев отбасымен байланысы бар басқа да адамдармен қатар мемлекеттік компаниядағы қызметінен кетті. Онымен бірге әкесі, сол кезде Орталық сайлау комиссиясын басқарып тұрған Берік Имашев те қызметтен кетті.
Кіші Имашев қысқа уақытта мемлекеттің қатысы бар бірнеше компанияда жоғары қызмет атқарып, сонымен бірге бизнеспен де айналысып үлгерген. Алғашқы жеке компаниясына 21 жасында басшылық еткен.
2022 жылдан кейін Имашев жылжымайтын мүлкін сатты немесе басқа адамдардың меншігіне берді.