Бағда Баталова
Айналысатын саласы
Кәсіпкер
Туыстық байланысы
Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың әйелі
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Бағасы 700 мың $ асатын қымбат тұрғын үй кешеніндегі екі бөлмелі пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Palm Jumeirah – элитаға арналған виллаларымен, салтанатты отельдерімен танымал, жасанды аралдардан тұратын архипелаг


Бағда Баталова – Алматы облысында орналасқан, қазір жұмыс істемейтін ауыл шаруашылық кооперативінің қосалқы иесі. Сонымен бірге Италиядан әкелінген жиһаз сататын, жұмыс істеп тұрған компанияға иелік етеді.

Оның жұбайы Амандық Баталов мемлекеттік қызметте кеңестік кезеңнен бері істейді. 2001 жылы Алматы облысы әкімінің орынбасары болып, 2014 жылдан бастап аймақ басшылығын қолына алды. Бауыры полковник Аманғали Баталов бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке оққағары болған.

2022 жылы Бағда Баталова Пальма аралындағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі екі бөлмелі пәтерге иелік еткен. Қазір пәтердің иесі басқа адамдар.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған