Дина Қасымова
Айналысатын саласы
Зейнеткер
Туыстық байланысы
ІІМ мен мемлекеттік күзет қызметінің бұрынғы басшысы Қалмұханбет Қасымовтың әйелі


Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Бағасы 400 мың $ асатын бір бөлмелі пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Palm Jumeirah – элитаға арналған виллалары, тұрғын үй кешендері, салтанатты отельдері бар пальма ағашы түріндегі жасанды үш аралдың бірі.


Ішкі істер министрлігін ұзақ уақыт басқарған Қалмұханбет Қасымовтың әйелі Қасымованың қызметі туралы көп мәлімет жоқ. Бір кездері ол құрылыс материалдарын шығаратын компанияның құрылтайшылары қатарында болды, сонымен қатар оның атында бөлшек сауда бизнесі болды. Қазір екі компания да жұмыс істемейді.

Қалмұханбет Қасымов ІІМ-ді 8 жыл басқарды, одан кейін Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып, мемлекеттік қауіпсіздік қызметін басқарды. 2021 жылдың жазында зейнетке шықты.

Қасымов Ішкі істер министрлігін басқарған кезде Жаңаөзендегі наразылық басып-жаншылып, нәтижесінде кемінде 17 адам қаза тапты. Сондай-ақ, оның тұсында 2018 жылы белгілі мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада жүлдегері Денис Тенді Алматының орталығында өлтіріп кетті. Одан кейін елде ІІМ реформалауды талап еткен кең ауқымды қоғамдық науқан басталды, алайда бұл айтарлықтай өзгеріс болған жоқ.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған