Долорес Пішембаева
Айналысатын саласы
Кәсіпкер
Туыстық байланысы
Президенттің штаттан тыс кеңесшісі Мейрам Пішембаевтың қызы
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Шамамен 1 млн $ тұратын пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Palm Jumeirah – элитаға арналған жылжымайтын мүлкі және салтанатты отельдері бар жасанды арал


Долорес Пішембаева қазір «Павлодар өзен порты» АҚ директорлар кеңесін басқарады. Сондай-ақ экономиканың түрлі саласындағы 10 компанияға ішінара немесе толықтай иелік етеді. Кейде Пішембаева бай-бағландардың басқосуларында көзге түседі.

Әкесі Мейрам Пішембаев ұзақ уақыт кәсіпкерлікпен айналысып, кейін депутат болды: билеуші «Нұр Отан» партиясынан мәжіліске үш рет депутат болып сайланды. 2021 жылдың ортасында президенттің штаттан тыс кеңесшісі болды.

2014 жылдан бастап Пішембаева «Павлодар өзен портына» иелік ететін «Сан» ЖШС құрылтайшысының бірі атанды. 2021 жылға дейін бұл ЖШС-нің тең құрылтайшысының бірі Мейрам Пішембаев болған. 2018 жылы «Сан» 17,5 млрд теңгенің тендерін алды және Forbes Kazakhstan жариялаған мемлекеттік тапсырыстарды алатын ең ірі 30 компания қатарына енді.

2022 жылдан кейін Пішембаева жылжымайтын мүлкін сатты немесе басқа адамдардың меншігіне берді.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған