Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбековтың әйелі
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Жалпы құны 1,1 млн $ асатын бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Jumeirah Beach Residence – жағажайға және кемежайға кіру мүмкіндігі бар қымбат аудан, Palm Jumeirah – пальма формасындағы жасанды аралдардан тұратын архипелаг
Гүлнара Байбекова – Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбековтің әйелі. Ашық дереккөздерде оның немен айналысатыны туралы ақпарат аз. Астанада жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені белгілі, қызмет түрі – жылжымайтын мүлікті жалға беру және бөлшек сауда.
Жұбайы Шалқар Байбеков кеңес заманынан бері мемлекеттік қызметте, еңбек жолын салық инспекциясынан бастаған. 2014 жылдан 2017 жылға дейін президент әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бойынша мемлекеттік инспектор болды. Содан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, облыстағы аудандардың бірінде әкім болды, ал облыс бөлінгеннен кейін жаңадан құрылған Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Өткен жылдың соңынан бастап өңір әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарады.
Байбековтердің ұлы бес жылдан астам уақыт бұрын мемлекеттік қызметте лауазымға ие болу конкурсынан өткен.
Гүлнара Байбекова қазірге дейін Дубайдың элитаға арналған аудандарындағы екі пәтерге иелік етеді.