Камила Жарлықапова
Айналысатын саласы
Кәсіпкер


Туыстық байланысы
Қазақстанның бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың қызы
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
790 мың $ тұратын пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Marsa Dubai – жайлы тұрғын ауданы
Жарлықапова туралы ақпарат өте аз. Ол жекеменшік Dkad Otbasy қоры мен белгілі бір салаға маманданбаған бірнеше компанияға иелік етеді. 2023 жылға дейін Астанада жылжымайтын мүлікті жалға беретін немесе басқаратын фирма құрылтайшыларының бірі болған.

Есесіне әкесі Қайырбек Өскенбаев көбірек таныс, ол 20 жылға жуық үкімет құрылымында қызмет еткен. Әр жылдары бірнеше министрлікте комитет басқарған, «Бәйтерек» ҰБХ басқармасына кірген, «Отбасы банктің» директорлар кеңесін басқарған, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде алдымен министрдің бірінші орынбасары, кейін министр қызметін атқарған. 2023 жылдың қаңтар айында қызметтен кеткен.

Өскенбаевтың ұлы Ерлан 2019 жылы президенттің кадр резервіне іріктеуден өткен. Ол кезде тұңғыш президент кітапханасында Геосаясат және аймақтық зерттеулер қызметінде аға ғылыми қызметкер болып істеген, сонымен бірге жылжымайтын мүлікті жалға беретін немесе басқаратын фирма құрылтайшыларының бірі болған.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған