Хайсын Жұмағалиева
Айналысатын саласы
Кәсіпкер
Туыстық байланысы
Қазақстанның Нидерландыдағы елшісі Асқар Жұмағалиевтің анасы
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
1,8 млн $ тұратын пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Palm Jumeirah – элитаға арналған виллалары, салтанатты отельдері бар жасанды арал
Жұмағалиеваның бизнестегі табысы туралы көпшілік біле бермейді. Дегенмен, ол құрылыс, тұрғын үйді жалға беру және басқару ісімен айналысатын 6 компанияның иесі.

Есесіне 20 жылға жуық жоғары мемлекеттік қызмет атқарған ұлы Асқар Жұмағалиев көбірек таныс. Жұмағалиев әр жылдары вице-премьер, «Қазақтелеком» мен «Қазатомөнеркәсіп» басшысы болған, төрт рет министр қызметін атқарған.

2020 жылдың шілде айында Жұмағалиев Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылып, Қазақстанның Нидерландыдағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Жұмағалиевтің әйелі Айнұр Мәми Сенаттың экс-спикері және Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы Қайрат Мәмидің қызы. Ол ауыл шаруашылығы және бьюти бизнеспен айналысады, білім беру саласында қызмет көрсетеді. Айнұр Мәмидің табысты болған жобасы Greenhouse Kazakhstan жоғары технологиялық жылыжай кешені, оны дамыту үшін мемлекеттік «ҚазАгро» холдингінен 4,2 млрд теңге заем алған.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған