Мирас Мәми
Айналысатын саласы
Инвестор
Туыстық байланысы
Бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік Қайрат Мәмидің ұлы
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Шамамен 800 мың $ тұратын пәтер
Дубайдағы орналасқан ауданы
Palm Jumeirah – элитаға арналған виллалары, салтанатты отельдері бар жасанды арал
Мирас Мәми өзін Лондонда тұратын, бүкіл әлем бойынша жария және жеке жобаларға инвестиция салуға дайын жаһандық инвестор ретінде сипаттайды. Беделді британдық және америкалық университеттерді бітірген. Лондондағы инвестициялық компанияларда 10 жылдан астам жұмыс істеген. Биыл Ұлыбританияда жаңа компаниясын құрды.

Оның әкесі Қайрат Мәми – елдің жаңа тарихындағы ең ықпалды тұлғалардың бірі. Әр жылдары сенат спикері, бас прокурор, Жоғарғы соттың төрағасы қызметтерін атқарды. Мәми бес жыл Конституциялық кеңесті басқарып, ол тарағаннан кейін, 2022 жылдың соңында зейнетке шықты.

2022 жылдан кейін Мәми Дубайдағы жылжымайтын мүлкін сатты немесе басқа адамдардың меншігіне берді.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған