Пануар Омарова
Айналысатын саласы
Кәсіпкер
Туыстық байланысы
«Павлодар мұнай химиясы зауыты» ЖШС басқармасының бұрынғы мүшесі Асылбек Кәрібаевтың әйелі
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
2,9 млн $ тұратын вилла
Район в Дубае:
Palm Jumeirah – искусственный остров с элитной недвижимостью и роскошными отелями
Пануар Омарова қымбат көйлек киіп, қымбат әшекей тағып, бай-бағландардың басқосуларында жиі бой көрсетеді. Дегенмен оның өзінің бизнестегі жетістігі аса көзге көрінбейді.

Алматыда анасы Ажар Омаровамен бірге элиталық Luxor спорт кешеніне жақын маңдағы тамақтану орнына иелік етеді. Бұрын Пануар Омарова елдегі жиһаз шығаратын ірі өндіруші саналатын, ағасы Қанат Омаров құрған Zeta компаниясының бірнеше еншілес компаниясында қосалқы құрылтайшы болған.

Күйеуі Асылбек Кәрібаев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының құрылымына кіретін көптеген мұнай компаниясының топ-менеджері болған. Нақтырақ айтқанда, «ПетроКазахстан Ойл Продактс» президенті, «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» бас директорының кеңесшісі болып, «Павлодар мұнай химиясы» зауытының басқарма құрамына кірген.

2021 жылға дейін Кәрібаев испандық FLINDER DATA SL компаниясының жалғыз әкімшісі, одан кейін сенімді өкілі болған, бұл компанияға құны 42,8 млн еуро болатын жылжымайтын нысан тіркелген.

Кәрібаевтың бауыры Асқар да Қазақстанның мұнай-газ секторында жұмыс істейді. Ол ҚМГ еншілес компаниясы саналатын «ҚазТрансОйлдың» Шымкент мұнай құбыры басқармасын басқарады.

2022 жылдан кейін Омарова Дубайдағы жылжымайтын мүлкін сатты немесе басқа адамдардың меншігіне берді.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған