Серік Қонақбаев
Айналысатын саласы
Спортшы, саясаткер
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Жалпы сомасы 800 мың $ болатын екі бөлмелі пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Palm Jumeirah – салтанатты отельдері, виллалары және тұрғын үй кешендері бар, пальма ағашы формасындағы жасанды үш аралдың бірі.


Қонақбаев негізінен кәсіби бокстағы жетістігімен танымал. Ол Мәскеуде өткен XXII Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Еуропа және КСРО чемпионы, сонымен бірге әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Әлем кубогінің екі мәрте иегері.

90-жылдары «Нұр Отан» басқарушы партиясының белсенді мүшелерінің бірі болып, Қазақстан президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау үшін құрылған Жамбыл облысындағы қоғамдық штабты басқарды. 1999 жылдан бастап 2011 жылға дейін осы партияның атынан үш шақырылымда парламент мәжілісінің депутаты болды. Депутат болардан бұрын Жамбыл облысы әкімінің аппаратын басқарып, Алматының Бостандық ауданында әкімнің орынбасары қызметін атқарды.

Қонақбаев спорт ұйымдарында түрлі басшылық қызмет атқарды. Атап айтқанда, кәсіби бокс федерациясын, «Қазақстан» спорт-коммерция клубын, президент жанындағы ұлттық спорт қорын, Қазақстан Республикасының бокс федерациясын басқарды. Бокс федерациясында қазірге дейін жұмыс істейді.

2022 жылдан кейін Қонақбаев Дубайдағы жылжымайтын мүлкін сатты немесе басқа адамдардың меншігіне берді.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған