Сержан мен Диана
Дүйсебаевтар

Айналысатын саласы
Мемлекеттік қызметкер
Дубайдағы жылжымайтын мүлкі
Жалпы құны 550 мың $ тұратын бір бөлмелі екі пәтер
Дубайда орналасқан ауданы
Palm Jumeirah – салтанатты отельдері, виллалары және тұрғын үй кешендері бар, пальма ағашы формасындағы жасанды үш аралдың бірі.
Дүйсебаев қазір Еуразия экономикалық комиссиясында кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің перспективалық кеден технологиялары бөлімін басқарады. Ұзаққа созылған қызмет жолында ол ішкі істер органдарында, ҰҚК мен кеденде жұмыс істеген.

Атырау, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында кеден органын басқарған. 2006–2011 жылдары Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінде төрағаның орынбасары болып қызмет еткен.

Оның қызы Диананың немен айналысатыны туралы жеткілікті мәлімет жоқ. Мемлекеттік қызмет саласында істемеген, қандай да бір бизнестің де иесі емес. Әлеуметтік желідегі парақшаларында аса танымал емес бірнеше логистика компаниясында, сонымен бірге Халықаралық автомобиль тасымалы одағында жұмыс істейтінін көрсеткен.

2022 жылдан кейін Дүйсебаевтар Дубайдағы пәтерлерінің бірін сатты немесе басқа адамдардың меншігіне берді, ал екіншісіне әлі де иелік етеді.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған