Венера Баймұрзаева
Айналысатын саласы
Кәсіпкер
Туыстық байланысы
Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің әйелі
Дубайдағы мүлкі
Құны 4,3 млн $ асатын 50 пәтер мен вилла
Нұрлан Нығматулин мемлекеттік қызметте тасы өрге домалап тұрғанда, оның жұбайы Венера Баймұрзаева, ал кейін үлкен ұлдары бизнесте табысқа жетіп жатты. Нығматулиндер отбасы бизнесте екі топпен тығыз байланысты – «Қазақмыс» / Kaz Minerals және «Ордабасы», соңғысының негізгі иесі – бизнесмен Дінмұхамед Ыдырысов.

Нығматулиндер мен Ыдырысовтар туыс, сонымен бірге бизнесте де жолдары жиі қиылысады. Дубай да соның ішінде. Мұнда 2022 жылы Венера Баймұрзаева Дінмұхамед Ыдырысовтың әйелі Магда Ыдырысовамен бірге 40-тан астам пәтерге иелік еткен. Жылжымайтын мүлікке салынған ақша, шамасы, инвестиция болса керек. Баймұрзаева Қазақстанда да осыған ұқсас салым жасаған.

2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұбайы мәжіліс спикері қызметінен кетіп, көпшіліктің көз алдынан ғайып болды. Өзіне және бауырларына қарсы қозғалған қылмыстық істер туралы тараған хабардың ешқайсына түсініктеме берген жоқ. Дегенмен, ол ақпараттар қазірге дейін әлі расталған жоқ.
Дубай: Қазақстанның тағы бір астанасы, 2024
© Власть, 2012–2023. Барлық құқығы қорғалған