Жанар Сүлейменова «Red Park» аутлет орталықтарының иесі және Щучинск-Бурабай курорт аймағындағы «Дом у озера» отелінің қосалқы құрылтайшысы ретінде танымал.
Сұхбаттарының бірінде 20 жылдан астам уақыт бұрын алғашқы мейрамханасын ашып, бизнеспен айналыса бастағанын, ал алты жылдан кейін дүкендер ашқанын
айтады. Айтуына қарағанда, күйеуі іс бастауына және оны кеңейтуіне еш араласпаған. Бастапқы капитал ретінде заем алып пайдаланған, шағын бизнестен бастап, пайдаға кенелгеннен кейін бизнесін кеңейте түскен.
Сүлейменованың күйеуі Данияр Берлібаев – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы құрылымына кіретін мұнай кәсіпорындарының бұрынғы топ-менеджері. Әр жылдары «ҚазТрансГаз» компаниясын басқарған, Rompetrol және «ҚазТрансОйл» директорлар кеңесінің төрағасы болған, «ҚазМұнайГаз» компаниясының өзінде басқарма төрағасының кеңесшісі және орынбасары қызметін атққарған. Соңғы қызметінен 2022 жылдың мамыр айында кеткен.